Израиль шабуылдарында шейіт палестиналықтардың саны 200-ге жетті

Израиль армиясы 2 миллионнан астам адам тұратын Газа секторына әуе және құрлықтан шабуылдауда.

1640881
Израиль шабуылдарында шейіт палестиналықтардың саны 200-ге жетті

Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Израильдің 10 мамыр күнінен бері қоршаудағы Газа секторына жасаған шабуылдарда 59-ы бала, 35 әйел барлығы 200 адам қаза тапты, 1307 адам жарақат алған.

Жаралылардың 398-інің бала, ауруханаларда емделгендердің 46-сының ауыр күйде екендігі атап көрсетілді.

Екінші жағынан Газадағы палестиналық көтерілісшіл топтар Израильдің шабуылына қарсы зымыран атуды жалғастыруда.

Газа секторынан түстен кейін атылған бір зымыранның Израильдің оңтүстігіндегі Ашдод қаласында бір көп қабатты үйге құлауы салдарынан 3 адам жеңіл жарақат алды.

Атылған зымырандар себепті Израильде 10 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар