АҚШ Израильден қызметкерлерін алып кетті

АҚШ қызметкерлері Германияға кетті.

1639245
АҚШ Израильден қызметкерлерін алып кетті

Америка Құрама Штаттары Израильдегі 120 әскери және азаматтық қызметкерлерін кеше Германияға алып кетті.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Джон Кирби күнделікті баспасөз брифингінде 120 қызметкердің Израильден Германияға кеткенін білдірді.

Кирби Америкалық қызметкерлердің жылдық жаттығуларды жоспарлау конференциясы үшін Израильге барғанын,  осы аптаның аяғына дейін жұмыстарын бітіретінін айтты. «Алайда осы қызметкерлердің елден кетуін тездеттік» деді ол.

Ол Америка Құрама Штаттарының Израильде қанша әскері бар деген сұраққа АҚШ-тың Израильде базасы жоқтығын, өте аз әскері бар екенін айтып жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар