Макрон  Еуропа елдерін береке-бірлікке шақырды

Франция президенті Эммануэль Макрон Париждегі Сорбонна университетінде «Еуропа» тақырыбында баяндама жасады.

2132276
Макрон  Еуропа елдерін береке-бірлікке шақырды

Еуропаның әскери тұрғыдан жеткілікті емес екенін және қарулану жарысында артта қалғанын түсіндірген Франция президенті Эммануэль Макрон «Еуропаның өмірі аз қалды , өшіп кетуі де мүмкін» деді.

Эммануэль Макрон ел астанасы Париждегі Сорбонна университетінде «Еуропа» тақырыбында баяндама жасады.

Халықаралық жүйедегі стратегиялық тәуекелдер мен трансформациялар аясында «Еуропаның өмірі аз қалды , өшіп кетуі де мүмкін» деген Макрон  Еуропа елдерін береке-бірлік және күшеюге  күресуге шақырды.

Макрон Ресейдің Украинадағы соғыста жеңе алмауының  Еуропаның қауіпсіздік «шарты» екенін және Ресейге қарсы «шынайы автономиялық стратегия» жүзеге асырылуы керектігін алға тартты.

Дүние жүзіндегі қаруланудың артуы жағдайында Еуропаның тым баяу және жеткілікті сенімге ие  емес екенін айтқан Макрон еуропалық серіктестерімен бірге «Сенімді Еуропа қорғанысы» деп аталатын тұжырымдаманы құру үшін әрекет ететінін мәлімдеді.

Француз көшбасшысы сонымен бірге Еуропа елдерінің «киберқауіпсіздік пен киберқорғаныс әлеуетіне» ие болуын қалайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар