Жапония 31 ел үшін қаржылай көмек береді

Вакциналардың тасымалдануы үшін 39 миллион доллар қаржылай көмек береді.

1629689
Жапония 31 ел үшін қаржылай көмек береді

Жапонияда үкімет 31 елге коронавирус вакцинасының салқын жүйемен бірге таратылуы үшін барлығы 39 миллион доллар қаржылай көмек береді.

Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап, Африка, Латын Америка және Карибтегі елдерге ЮНИСЕФ каналымен қамдалатын ақшалай көмектің вакциналардың салқында сақталуы және тасымал жабдықтары үшін қолданылатынын білдірді. Көмек берілетін елдер арасында Гватемала, Гаити, Ямайка, Никарагуа, Парагвай, Венесуэла, Мысыр, Эфиопия, Нигерия, Ливия және Тунис бар.

Жапония Сыртқы істер министрі Мотеги Тошимитсу «Жапонияның күшінен пайдаланып, көмекті жалғастырғымыз келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар