"Үлкен жетілік" елдері мен Еуроодақтан ортақ мәлімдеме

Мәлімдемеде Ресейдің Украина шекарасында әскер санын арттыруының алаңдатқаны білдірілді.

1620049
"Үлкен жетілік" елдері мен Еуроодақтан ортақ мәлімдеме

Әлемнің ең мықты 7 экономикасы құрған «Үлкен жетілік» мен Еуроодақ (ЕО) елдері Ресейдің Украина шекарасындағы әскер санын арттыруына алаңдағандарын білдірді.

«Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері және Еуроодақ Жоғары өкілі жариялаған ортақ мәлімдемеде «Біз Үлкен жетілік елдері, Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сыртқы істер министрлері және Еуроодақ жоғары өкілеттігі ретінде Ресейдің Украина шекарасы мен заңсыз түрде аннекция жасаған Қырымда жалғасқан үлкен әскер санын арттыру бастамасына қатты алаңдаймыз» деді.

Кез-келген алдын ала хабарламай жасалған осы ауқымды әскери қимылдың қауіп төндіргеніне және тұрақсыздандыратын жұмыстар екеніне назар аударған мәлімдемеде «Ресейді провокацияны тоқтатып, халықаралық жауапкершіліктері аясында қызуды азайтуға шақырамыз» делінді.

Мәлімдемеде Ресейдің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) аясында әскери қозғалыспен байланысты ашықтық жөніндегі міндеттемелерін орындауы және Вена құжатында белгіленген процедураларға жауап қайтаруын сұрады.

18 наурызда сол елдер жасаған жазбаша декларация да еске салынған мәлімдемеде Украинаның тәуелсіздік, егемендік мен шекара тұтастығына қолдау қайталанып, Украинаның бұған қарсы шығу үшін басқан қадамдарына қолдау берілетіні тағы да айтылды.



Ұқсас жаңалықтар