Нигерияда қарулы топ кепілге алған 26 адам құтқарылды

Қауіпсіздік күштері Нигерияның Кадуна және Замфара штаттарына операция жасады.

1619317
Нигерияда қарулы топ кепілге алған 26 адам құтқарылды

Нигерияның солтүстік батысындағы Кадуна және Замфара штаттарында қарулы адамдар кепілге алған 26 адам екі бөлек операциямен құтқарылды.

Кадуна штаты полиция дирекциясы мәлімдемешісі Мұхаммед Джалиге штаттың Гвари аймағында қарулы адамдарға бағыттап операция жасалғанын жариялады.

Джалиге операцияда кепілге алынған 15 адамның құтқарылғанын, көптеген қарулы адамның да жаралы қашқанын атап көрсетті.

Замфара штаты полиция дирекциясы мәлімдемешісі Мұхаммед Шеху болса штаттың Мару аймағында қарулы адамдарға жасалған операцияда кепілге алынған 11 адамның құтқарылғанын білдірді. Шеху құтқарылған адамдардың штат үкіметіне тапсырылғанын мәлімдеді.

Аймақ кейде мал шаруашылығымен шұғылданған Фуланилер мен диқандықпен күн көрген кейбір тайпалар арасында үлкен қақтығыстарға сахна болуда.

Малдарын жаю үшін елдің оңтүстігіне қоныс аударған Фуланилер диқандардың малдарын ұрлауға тырысып, өздеріне шабуылдағанын алға тартуда.



Ұқсас жаңалықтар