Байден діни лидерлерге шақыру жасады

Ол халықты вакцина салдыруға ынталандыруларын сұрады.

1613628
Байден діни лидерлерге шақыру жасады

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден діни лидерлерді қоғамның коронавирусқа қарсы вакцина салдыруы тақырыбында ынталандыруға шақырды.

Джо Байден кеше мыңнан астам діни лидер және қоғам өкілдерімен онлайн жиналыс өткізді. Жиналыста коронавируспен күресте жергілікті лидерлердің өте маңызды орны бар екенін атап көрсеткен Байден: «Сіздерді вакцина сөзін таратуға және баршаны кезегі келгенде екпе ектіруге ынталандыруға шақырамын» деді.

Байден адамдардың қайтадан бас қосуы және ғидабат орындарының ашылуы үшін коронавирусты жеңудің маңызын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар