Ауғанстанда әскери тікұшақ апаты

Әскери тікұшақтың жерге қатты қонуы салдарынан 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

1612971
Ауғанстанда әскери тікұшақ апаты

Ауғанстанның Хельманд уәлаятында әскери бір тікұшақтың техникалық ақаулардан жерге қатты қонуы салдарынан 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.

Ауғанстан Қорғаныс министрлігі Хельмандқа қарасты Сирадж ауданында Black Hawk әскери тікұшағының техникалық ақаулардан жерге қатты қонғанын жариялады.

Мәлімдемеде оқиғада 3 қауіпсіздік қызметкерінің қаза тапқаны атап көрсетілді. Талибан болса тікұшақты өздерінің құлатқанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар