Каирде 10 қабатты ғимарат құлады
Оқиғада 8 кісі қаза тапты, 29 кісі жараланды.
1609605
Мысырдың астанасы Каирде 10 қабатты ғимараттың құлауы салдарынан алғашқы санаққа қарағанда 8 кісі қаза тапты, 29 кісі жараланды.
Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда Каирдің шығысындағы Суэц көпірі көшесінде 10 қабатты ғимарат белгісіз себептен құлады.
Оқиғада 8 кісі қаза тапты, 29 кісі жараланды.
Каир әкімі генерал-майор Халид Абдул Ал құлаған ғимараттың іргесіндегі ғимараттардың зерттелуі және қалдықтарды жинау жұмыстарын жасау үшін топ құрылғанын жариялады.
Ұқсас жаңалықтар
Ирандағы әуе шабуылында 2 адам қаза тапты
«IRNA» ресми ақпарат агенттігі шабуылмен байланысты мәлімдеме жасады.