Пентагон 2 базасында босқын балалар үшін орын бөлді

Мексика шекарасынан заңсыз жолмен келген мигрант балалар әскери базаларға орналастырылады.

1608058
Пентагон 2 базасында босқын балалар үшін орын бөлді

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон елге Мексика шекарасынан заңсыз жолмен келген мигрант балаларды орналастыру үшін Техастағы 2 базасында Денсаулық сақтау және гуманитарлық қызметтер министрлігіне орын бөлінгенін жариялады.

Пентагон жасаған мәлімдемеде Денсаулық сақтау және гуманитарлық қызметтер министрлігінің сұранысына оң жауап қайтарылғанын және мигрант балалардың уақытша паналауы үшін министрлікке қолдау берілетіні білдірілді.

Осыған қарағанда, Техаста Сан-Антонио қаласындағы Lackland әскери базасынан бір жатақхана ғимараты мен Әл-Пасо қаласындағы Fort Bliss әскери базасында салынатын уақытша тұрғын аймағына босқын балалар орналасатын болады.

Неше баланың бұл жерлерге орналастырылатыны айтылмағанмен жылдың соңына дейін бұл жерлердің уақытша паналау мақсатты босқын балаларға бөлінетіні атап көрсетілді.

АҚШ-та шекарадағы заңсыз көш дағдарысы артып отырғанда ресми құжаттар бойынша АҚШ қауіпсіздік қызметкерлері тек қана қаңтар айында 5 мың 600, ақпан айында 9 мың 300, наурыз айының алғашқы 20 күнінде болса ата-анасыз 11 мың босқын баланы тергеуге алды.

Қазір 11 мыңға жуық бала Денсаулық сақтау және гуманитарлық қызметтер министрлігінің әртүрлі лагерьлерінде тұрған 15 мыңнан астам бала үшін министрліктің орын қарастырғаны білдірілген болатын.

АҚШ шекарасын өту барысында тергеуге алынған балалар алдымен Шекара және кеден қорғау бөлімшесінің бақылауында тұрса, кейін Денсаулық сақтау және гуманитарлық қызметтер министрлігінің отбасылардың жағдайы анықталғанша белгілеген орындарына орналастырылады.



Ұқсас жаңалықтар