Ханзада Уильям нәсілшіл болмағандарын айтты

Ұлыбритания Ханзадасы Уильям "Әсте нәсілшіл бір отбасы емеспіз" деді.

1599668
Ханзада Уильям нәсілшіл болмағандарын айтты

Ұлыбритания Ханзадасы Уильям інісі Ханзада Гарри және оның әйелі Меган Марклдің Корольдік отбасын "нәсілшіл" деп айыптаған сұхбатына байланысты "Әсте нәсілшіл бір отбасы емеспіз" деді. 

Ханзада Уильям інісі Ханзада Гарри және жұбайы Меган Марклдің Корольдік отбасын "нәсілшіл" деп айыптаған сұхбатынан кейін тұңғыш рет бір іс-шараға қатысты.

Жұбайы Кэтрин Миддлтонмен бірге Лондондағы бір мектепке барған Ханзада Уильямнан "Корольдік отбасы нәсілшіл ме?" деп сұралды. 

Бұл сұраққа "Әсте нәсілшіл бір отбасы емеспіз" деп жауап берген Ханзада Уильям інісі Гарримен әлі сөйлеспегенін, сөйлесуді жоспарлағанын айтты.

Америка CBS телеарнасына берген сұхбатында Африка текті бір шеше мен ақ тәнді бір әкенің қызы болған Маркл:

"Жүкті кезімде отбасы баламның ханзада  немесе ханыша болуын қаламады. Баламды қауіпсіздікпен қамдамайтындарын айтты. Ұлым туғанда түсінің қаншалықты қоңырқай болатынынан сөз қозғап, бұдан алаңдады" деген еді.    



Ұқсас жаңалықтар