Нигерияда террористтер гуманитарлық көмек қызметкерлерін алып қашты

Гуманитарлық көмек қызметкерлерінің кеңселерін мен ауруханаларды өртке берді.

1594020
Нигерияда террористтер гуманитарлық көмек қызметкерлерін алып қашты

Нигерияның солтүстік шығысында Боко Харам террорлық ұйымының шабуылында жеті гуманитарлық көмек қызметкері алып қашырылды.

Террористтер Борон уәлаятындағы Диква аймағында әскерлерге қарулы шабуыл жасады. Шабуылда аймақта қызмет атқаратын гуманитарлық көмек қызметкерлері алып қашырылды. Гуманитарлық көмек қызметкерлерінің кеңселерін мен ауруханаларды өртке берді.

БҰҰ Гуманитарлық көмек Нигерия координатоы Эдуард Каллон осындай шабуылдар салдарынан аймақта гуманитарлық көмекке мұқтаж 100 мың адамға қауіп төнгенін айтты. 

Сонымен қатар Кадуна уәлаятында да қарулы кісілер шабуыл жасап, 16 адам өлтірді. Кадуна уәлаяты Ішкі қауіпсіздік және ішкі істер комиссары Самуэль Аруван екі ауылға қарулы кісілердің шабуылдағанын білдірді. Шабуылдарда он алты адам қаза тапты. Көптеген адам жарақат алды. Шабуылда он үй мен екі мотоцикл күлге айналды.

 



Ұқсас жаңалықтар