Блинкен хоуситтерді шабуылды тоқтатуға шақырды

Йеменге көмек жиналысы болып өтті.

1593189
Блинкен хоуситтерді шабуылды тоқтатуға шақырды

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Иран қолдап отырған хоуситтерді Сауд Арабиясына және Йеменге шабуылдарын тоқтатуға шақырды.

Блинкен БҰҰ құрамында виртуалды түрде өткен «Йемен үшін халықаралық гуманитарық көмек жиналысында» сөз сөйледі. Ол Сауд Арабиясы мен Йемен үкіметінің бітім үшін табанды екенін айтты. «Хоуситтерді соғысты созған шабуылдары мен әскери қозғалыстарын тоқтатуға шақырамыз. БҰҰ бастаған процесті және БҰҰ Йемен арнайы өкілі Мартин Гриффитстің ынталарын қолдаймыз» деді ол.

Швеция мен Швейцария тарапынан ұйымдастырылған және Йемен үшін төрт миллиард долларға жақын көмек жиналуы мақсат етілген жиналыста Блинкен Америка Құрама Штаттарының 191 миллион гуманитарлық көмек беретінін білдірді.

АҚШ гуманитарық көмек барып жетсін деген мақсатпен хоуситтерді 12 қаңтар күні терроризм тізімінен алып тастаған еді. Хоуситтер сол күннен бері Сауд Арабиясына бағыттап көптеген шабуыл жасады.



Ұқсас жаңалықтар