Грузия премьер-министрі отставкаға кетті

Гахария өзінің міндеттен кеткенін хабарлады.

1586027
Грузия премьер-министрі отставкаға кетті

Грузия премьер-министрі Георгий Гахария отставкаға кетті.

Гахария Тбилисиде елдегі оппозиция партиясы Біріккен Ұлттық қозғалыстың төрағасы Ника Мелияға бағытталған тұтқындау шешімі тақырыбында командасымен көзқарас айырмашылығы себебімен міндетінен отставкаға кеткенін хабарлады. Ол Мелияның тұтқындалу шешімін сынға алып, осы оқиғаның елдегі келіспеушілікті арттырғанын айтты.

Ішкі істер министрлігі де Гахарияның отставкасынан кейін Мелияның тұтқындалуына байланысты шешімнің уақытша тоқтатылғанын білдірді.

Грузия заңдарына сәйкес биліктегі Грузин арманы партиясының бір апта ішінде жаңа кандидатын президентке ұсынуы керек.



Ұқсас жаңалықтар