Сомалиде 5,9 миллион азамат көмекке зәру

БҰҰ серіктерінен материалдық көмек сұрап отыр.

1584566
Сомалиде 5,9 миллион азамат көмекке зәру

БҰҰ биыл Сомалидің 5,9 миллион азаматына көмек жеткізу үшін бір миллиард доллар керектігін хабарлады.

БҰҰ Гуманитарлық істер кеңсесі су тасқыны, құрғақшылық және коронавирус эпидемиясымен күресіп жатқан осы елдегі 2,7 миллион адамның аштық қаупімен бетпе-бет екенін білдірді.

2,6 миллион Сомали азаматы табиғи апаттар және қақтығыс салдарынан ел-жұрттарынан көшіп кеткен.  Барлығы 5,9 миллион адамға биыл гуманитарлық көмек керек.

Сомалиленд, Путленд, Галмудуг және Жубаленд уәлаяттарында су тапшылығы болғандықтан гуманитарлық көмек үшін биыл шамамен бір миллиард доллар қажет. БҰҰ мен серіктері былтыр осы елде 820 миллион доллардық гуманитарлық көмек істерін атқарды.



Ұқсас жаңалықтар