Нетаньяху БАӘ мен Бахрейнге бармайтын болды

Беньямин Нетаньяхудың осы айға жоспарланған Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн сапарлары кешіктірілді.

1577273
Нетаньяху БАӘ мен Бахрейнге бармайтын болды

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың осы айға жоспарланған Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн сапарлары кешіктірілді.

Премьер-министрлік офисі хабарлама жариялап, Нетаньяхудың БАӘ таққа мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Заид және Бахрейн королі Хамад бин Иса әл Халифаның шақыруы мен елдер арасындағы тарихи бітімге риза болғанын білдірді. Хабарламада «Абу Даби және Бахрейн сапарының маңыздылығына қарамастан,  премьер-министр Нетаньяху әуежайлары жабыл болғанына байланысты осы сапарларды әзірге кешіктіруге шешім қабылдады» деп айтылды.

Осы сапарлардың қашан жүзеге асырылатыны туралы айтылмады. Жоспар бойынша Беньямин Нетаньяху үш күндік сапары шеңберінде алдымен Біріккен Араб Әмірліктеріне, артынан Бахрейнге баруы керек болатын.



Ұқсас жаңалықтар