Навальныйдың үйіне тінту

Полиция есіктерді сындырып кірген.

1572584
Навальныйдың үйіне тінту

Ресейде қамаудағы оппозиционер Алексей Навальныйдың үйлері мен Жемқорлықпен күрес фондының кеңсесіне басқын ұйымдастырылды.

Ресей Әділет министрлігі «шетелдік тыңшы» тізіміне алған Жемқорлықпен күрес фондының директоры Иван Жданов әлеуметтік желіден Навальный мен жұбайының Мәскеудегі пәтерлері мен фондта тінту жүргізігенін хабарлады.
Ол полицияның үйлерге есікті сындырып кіргенін айтты. Тінтудің «медициналық және эпидемиологиялық ережелер орындалмады» деген сылтаумен жүргізілгенін білдірді.

23 қаңтарда Алексей Навальныйдың еркін жіберілуі үшін он мыңдаған адам шеруге шығып, үш мыңнан астам адам қамауға алынған еді.
Навальный да шерулердің 31 қаңтар күні қайта жасалатынын хабарлаған



Ұқсас жаңалықтар