Еуропада "міндетті емес саяхаттарға" тоқтау салынады

Еуропа лидерлері бас қосты.

1569088
Еуропада "міндетті емес саяхаттарға" тоқтау салынады

Еуропа Одағы коронавирусқа қарсы егілген кісілерге «вакцина сертификаты» берілуін кешіктіруге, міндетті емес саяхаттарға да «тоқтау салуға» шешім қабылдады.

Еуропа Одағына мүше елдердің лидерлері вакциналарды қамдау және тарату,  екпе ектіргендерге сертификат берілуі және пандемияның таралуына қарсы шаралар секілді тақырыптарды талқылау үшін видео конференция арқылы бас қосты.

Жиналыс аяқталғаннан кейін ЕО Кеңесі басшысы Шарль Мишельмен бірге баспасөзге мәлімет берген ЕО Комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен коронавирустың жаңа түрінің Еуропада тарауына уайымдағандарын білдірді. Ол Еуропа Одағы ішіндегі және Еуропа Одағы мен басқа елдер арасындағы міндетті емес саяхаттарды тоқтатуды нысанаға алғандарын, риск аймақтарын көрсететін картаға жаңа категория қосуды ұсынғандарын айтты. «Қою қызыл» түспен көрсетілетін аймақтардың ЕО ішінде вирус жылдам тараған жерлерді бейнелейтінін білдірген Ляйен «Осы аймақтардан келетін кісілер әрі саяхаттан бұрын тест жасатуы, әрі сапары аяқталғанда карантинге алынуы мүмкін» деді.

Ол шекараны толығымен жабуға қарсы екендерін атап көрсетті. Ішкі нарықта тауар мен қызметтердің қолжетімділігі үшін шекараның ашық болуы керектігін білдірді.

Ол вакцина ектіргендерге саяхат жасау кезінде пайдалы болатын сертификат берілуі мәселесінің де талқыланғанын,  алайда кейін қайтадан егжей-тегжейлі қолға алынатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар