Еуропа елдерінің басшылары Навальныйдың босатылуын талап етті

Еуроодақ кеңесі төрағасы Шарль Мишель басшылар атынан шақыру жасады.

1568906
Еуропа елдерінің басшылары Навальныйдың босатылуын талап етті

Еуроодақ (ЕО) елдерінің басшылары Германиядан Мәскеуге оралған кезде тұтқындалған орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың босатылуын талап етті.

Еуроодақ кеңесі төрағасы Шарль Мишель басшылардың шақыруын 27 мүше елдің мемлекет және үкімет басшысының бейнеконференция арқылы жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) эпидемиясы туралы өткен жиналыстан кейін тілге тиек етті.

Еуроодақ басшыларының Навальныйға бағытталған улау бастамасы туралы Ресейдің дереу тәуелсіз және ашық тергеу жүргізуін күткендерін атап көрсеткен Мишель Ресейдің тергеуді Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымымен ынтымақтасуын талап етілгенін баса айтты.

20 тамыз күні Ресейдің Томск қаласынан Мәскеуге ұшақпен барған Навальный рейсте науқастанып, ұшақ Омбыға қонған еді. Омбыдағы ауруханаға жеткізілген Навальный шайына араласқан бір затпен уланғаны алға тартылған болатын.

Навальныйды 22 тамызда Омбыдан жеке ұшақпен Германияның Берлин қаласындағы Charite ауруханасына ауыстырды. Навальный емделіп жатқан Германиядан оралған бойда 17 қаңтарда Мәскеу әуежайында ұсталды.

Сот Навальныйды «2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап бақылаулы бостандық мерзімін бірнеше рет бұзды» деген айыппен 15 ақпанға дейін 30 күнге қамауға алуға шешім шығарды.



Ұқсас жаңалықтар