Кейбір елдерде вирустың жағдайы

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 152 мың 906-ға ұласты.

1568168
Кейбір елдерде вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім екі миллион 2 мың 84 мың 600-ден асты. Вирус жұқтырғандар саны 97 миллион 355 мың, сауығып кеткендердің саны 69 миллион 915  мыңға жетті.

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 152 мың 906-ға ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 611  мың 719 болып тіркелді.

Қытайда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан көз жұмған адам саны 4 мың 635-ке көбейді. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны да  73 мың 918-ге жетті.  

Оңтүстік Кореяда  жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 1 мың 918-ге ұласса, вирус жұқтырғандар саны 611  мың 719 болып тіркелді.

Тәжікстанда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан 90 кісі қайтыс болды. Елде вирус жұқтырған адам саны 13 мың 308-ге көбейді. 

Африка құрлығында Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болған  адам саны 81 мың 861-ге жетсе, вирус жұқтырған адам саны 3 миллион 352 мың 823-ке ұласты.  

Жаңа типті коронавирус салдарынан Ресейде 67 мың 220, Иранда 57 мың 57, Оңтүстік Африкада 38 мың 854, Индонезияда 26 мың 857, Иракта 12 мың 968 және Пәкістанда 11 мың 157 кісі көз жұмды. 



Ұқсас жаңалықтар