Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Германия сақтық шараларынің мерзімін созды.

1567188
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Коронавирус себебімен қайтыс болған адам саны әлем бойынша екі миллион 65 мың 815-тен асты.  Вирус жұқтырғандардың саны 96 миллион 633 мың, сауығып кеткендер саны 69 миллион 304 мың болды.

Америка Құрама Штаттарында коронавирустан туындаған өлім-жітім 411 мың 520 болды.  Елде вирус жұқтырғандар саны 24 миллион 809  мың деп тіркелді.  Елде Модерна фармацептикалық компаниясының коронавирус вакцинасын ектіргендердің кейбірінде жанама белгілер көп болғандықтан,  Калифорния штатының кейбір жерлерінде вакциналау тоқтады.

Бразилияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 211 мың 511-ге жетті.  Елде 8 миллион 575 мың адам вирус жұқтырды.

Мексикада эпидемия салдарынан өлім-жітім 142 мың 832-ге,  оқиға саны да бір миллион 668 мыңға жетті.

Ұлыбританияда вирус себебімен соңғы 24 сағатта 1610 адам қайтыс болды.  33 мың 355 жаңа оқиға расталды.  Індет басталғалы бері ең жоғары өлім-жітім кеше тіркелді.  Өлім-жітім жалпы 91 мың 470, вирус жұқтырғандар саны үш миллион 466 мың 849 болды.

Италияда індетке байланысты бір күнде 603 кісі қайтыс болды. Осылайша қайтыс болған адам саны 83 мың 157-ге жетті.  Вирус жұқтырған адам саны 10 мың 497 артып,  екі миллион 400 мың 598-ге жетті.

Францияда коронавирус себебімен соңғы бір тәулікте 373 адам қайтыс болды.  Жалпы өлім –жітім 71 мың 342 болды. Бір күнде 23 мың 608 адамның вирус жұқтырғаны анықталып, вирусқа шалдыққан адам саны екі миллион 938 мың 333-ке жетті.

Испанияда коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны 54 мың 173 болды.  Елде вирус жұқтырған адам саны екі миллион 370 мыңға жетті.

Германияда эпидемиядан 49 мың 244 адам қайтыс болды.  Вирус жұқтырған адам саны 2 миллион 71 мыңға жетті. Елде жалпы бір миллион 145 мың адамға вакцина егілді. Ел көлемінде коронавирусқа қарсы күресте 5 қаңтар күні қабылданған сақтық шараларының мерзімі 14 ақпан күніне дейін созылды.

Басқа елдерде ковид-19 салдарынан қайтыс болғандардың саны төмендегідей:

Колумбия 49 мың 402, Aргентина 46 мың 66, Перу 39 мың 44, Польша 33 мың 698, Украина 21 мың 46, Бельгия 20 мың 472, Канада 18 мың 266, Чили 17 мың 573, Боливия 9 мың 722, Гватемала 5 мың 313, Румыния 17 мың 369, Чехия 14 мың 646, Эквадор 14 мың 382, Нидерланды 13 мың 162, Венгрия 11 мың 520 және Швеция 10 мың 591.



Ұқсас жаңалықтар