Леди Гага мен Дженифер Лопес концерт береді

Байденнің ұлықтау рәсіміне дайындық жалғасып жатыр.

1564325
Леди Гага мен Дженифер Лопес концерт береді

Америка Құрама Штаттары президенттігіне сайланған Джо Байденнің 20 қаңтар күнгі ұлықтау рәсімінде Леди Гага мен Дженифер Лопес ән шырқайды.

Рәсімде Леди Гага АҚШ ұлттық әнұранын шырқайды. Дженифер Лопес де концерт қояды.

Ұлықтау рәсімі әрі коронавирус эпидемиясы, әрі 6 қаңтар күнгі Капитолийге басқыннан кейін шектеулі адаммен өткізіледі. Рәсімде атақты актер Том Хэнкс жүргізуші болады.

20 қаңтар күні Вашингтонда 20 мың ұлттық сақшы міндет атқарады.



Ұқсас жаңалықтар