Иорданияда жаңа үкімет сенім дауысы алды

Иордания Өкілдер мәжілісінде болып өткен дауыс беруге жалпы 130 депутаттың 127-сі қатысты.

1563630
Иорданияда жаңа үкімет сенім дауысы алды

Иордания премьер-министрі Бишр әл-Хасавне басшылығындағы жаңа үкімет парламенттің бірінші қанаты Өкілдер Мәжілісіндегі көпшіліктің қолдауымен сенім дауысын алды.

Өкілдер Мәжілісінде болып өткен дауыс беруге жалпы 130 депутаттың 127-сі қатысты.

Дауыс беруге қатысқан депутаттардың 88-і жаңа үкіметті «қабыл» дауысымен қолдаса, 38 «қарсы» дауыс берді. 1 депутат болса «қалыс» қалды.

Дауыс беру алдында мәлімдеме жасаған премьер-министр Бишр әл-Хасавне үкіметтің атазаң құқығынан бас тартпай, жауапкершіліктерін орындайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар