Эстония премьер-министрі отставкаға кетті

Оның партиясының аты жемқорлыққа араласқан.

1562813
Эстония премьер-министрі отставкаға кетті

Эстония премьер-министрі Юри Ратас өзі төрағасы болған Орталық партия жөніндегі жемқорлық айыптаулары себебімен премьер-министрлік міндетінен отставкаға кетті.

Жергілікті баспасөз хабарларына қарағанда, премьер-министр Таллинде «саясатта күрделі жағдайларды шешу үшін қиын шешім қабылдау керектігін» білдіріп,  отставкаға шешім бергенін білдірді.

Кеше Эстония Қоғамдық прокуратурасы Орталық партия және бес мүшесінің жемқорлыққа араласқаны жөнінде күдік бар екенін білдірген еді.

Премьер-министрлік міндетін 2016 жылдан бері атқарып келген Ратас Орталық партия, Социал Демократтар және Исама партиялары бірігіп құрған коалиция үкіметіне басшылық жасап келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар