Ауғанстанда 40 мыңнан астам кісі қаза тапты

Ауғанстан Президенті Эшреф Ғани 2015 жылынан осы таңға дейін ел көлемінде 40 мыңнан астам кісінің қаза тапқанын айтты.

1561579
Ауғанстанда 40 мыңнан астам кісі қаза тапты

Ауғанстан Президенті Эшрев Ғани 9 қаңтарда Америка  CNN теледидарына жасаған мәлімдемесінде президент болғаннан кейін ел көлемінде болған қанды қақтығыстарда 40 мыңнан астам кісінің қаза тапқанын білдірді.

Ғани осы процесте НАТО тармағында міндет атқарған Америка Құрама Штаттары Қарулы күштерінен 98 әскердің қаза тапқанын атап өтті. 

Талибан мен Ауғанстан делегациялар арасында Катардың астанасы Дохада жалғасқан бейбітшілік кездесулеріне де тоқталған Ғани "Ауғанстан халқы қараңғы күндерге әсте қайтқысы келмейді"  деді. 

Ғани Ауғанстанда жалғасқан 40 жылдық соғыстың доғарылуы үшін Талибанмен жасалуы мүмкін келісімнің әрі аймақ елдері, әрі халықаралық қауым тарапынан кепілдікке алынуы керектігін баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар