Коронавируста соңғы жағдай

Ковид-19 эпидемиясы салдарынан әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 943 мың 435-тен асты.

1561119
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 943 мың 435-тен, расталған оқиға саны 90 миллион 702 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 64 миллион 825 мыңға жетті.

Эпидемияның ошағына айналған АҚШ-та өлім-жітім 383 мың 275-тен асты. Вирус жұқтырған адам саны болса 22 миллион 917 мың болып тіркелді.

Эпидемия салдарынан көз жұмғандар саны 133 мың 706-ға жеткен Мексикада 1 миллион 534 мың 39 адам вирус жұқтырды. Тамаулипас ​​штатында Англияда пайда болған коронавирустың тез таралатын түрі анықталды.

Францияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан 24 сағатта қайтыс болған 151 адамды қосқанда өлім-жітім 67 мың 750-ден, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 783 мың 256-дан асты.

Ковид-19 ең көп ықпал еткен елдердің бірі Италияда соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар саны 361 артып, өлім-жітім 78 мың 755-ке жетті. Вирус жұқтырғандар саны 18 мың 627-ге көбейіп, 2 миллион 276 мың 491-ге өсті.

Ковид-19 салдарынан кейбір елдерде тіркелген өлім-жітімдер мынадай:

Бразилияда 203 мың 140, Аргентинада 44 мың 495, Колумбияда 46 мың 114, Перуде 38 мың 280, Чилиде 17 мың 96 және Боливияда 9 мың 376.



Ұқсас жаңалықтар