Кореядан Иранға делегация кетті

Делегация танкер мәселесін талқыламақ.

1559277
Кореядан Иранға делегация кетті

Оңтүстік Кореядан бір делегация жолда тоқтатылған танкер тақырыбын талқылау үшін Иранға аттанды.

Делегацияға басшылық қылған Сыртқы істер министрлігі лауазымдысы Кох Кюунг-Сок Сеулден аттанбастан бұрын баспасөзге мәлімдеме жасады. Ол Иран Сыртқы істер министрлігінде әріптестерімен кездесуді жоспарлағанын білдірді.

Иран Төңкеріс сақшылары бір танкерді 4 қаңтар күні Ормуз бұғазында тоқтатқан еді. Оңтүстік Корея үкіметі болса танкерді босатуға шақырған болатын. Иран үкіметі баспасөз хатшысы Али Ребии Парсы шығанағында мұнай ластығына жол ашқандықтан танкерді тоқтатқандарын білдірген болатын.

Танкерде Оңтүстік Кореяның бс азаматы, Мьянманың он бір, Индонезияның екі және Вьетнамның екі азаматы,  барлығы 20 кісілік экипаж болған.



Ұқсас жаңалықтар