Ақ Үйде отставка

Трамптың жұбайы Мелания Трамптің көмекшісі Гришэм бірінші болып отставкасын берді.

1559052
Ақ Үйде отставка

Америка Құрама Штаттарында президент Дональд Трамп қолдаушыларының Конгресс ғимаратына басып кіруінен кейін Ақ Үйден отставка хабарлары келді.

Трамптың жұбайы Мелания Трамптің көмекшісі Гришэм бірінші болып отставкасын берді.

Ақ Үй баспасөз хатшысының орынбасары Сера Матью мен Ақ Үй Әлеуметтік істер директоры Рики Нисета да отставкасын берді.

Сонымен қатар Америка баспасөзінің хабарына қарағанда,  Ақ Үйдегі басқа тұлғалар да отставасын беруді жоспарлап отыр. Осыған қарағанда Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісі Роберт Обрайн, Ұлттық Қауіпсіздік кеңесшісінің орынбасары Мэт Поттингер мен Крис Лидделл да міндетінен кетуді ойластыруда.



Ұқсас жаңалықтар