АҚШ-тағы оқиғаларға халықаралық наразылықтар артты

Борис Джонсон: АҚШ-та биліктің тәртіп сақтап, бейбіт жолмен тапсыру аса маңызды.

1558939
АҚШ-тағы оқиғаларға халықаралық наразылықтар артты

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг АҚШ Конгресіндегі оқиғаларды «үрейлі» деп сипаттады.

Столтенберг АҚШ-та демонстранттардың баррикадаларды асып, Конгресс ғимаратына басып кіруімен басталған оқиғалар туралы «Вашингтондағы көріністер үрей туғызады. Демократиялық сайлаудың қорытындысын құрметтеу керек» деді.

Еуроодақ Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Джозеф Боррель болса Вашингтондағы оқиғаларды «АҚШ демократиясында бұрын соңды болмаған бір шабуыл» деп бағалап, сайлау қорытындысын құрметтеуге шақырды.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да жаңалықтарды «АҚШ-та биліктің тәртіп сақтап, бейбіт жолмен тапсыру аса маңызды» деп бағалады.

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас болса «Трамп пен қолдаушылары АҚШ халқының шешімін құрметтеуге тиісті» деді.

АҚШ президенті Дональд Трампты қолдау демонстрациясын ұйымдастырушылар 3 қарашада өткен сайлау қорытындысын ресми түрде бекіту сессиясына наразылық білдіру үшін баррикадалардан өтіп, Конгресс ғимаратына басып кірген болатын. Осыдан кейін қақтығыстар артып, «коменданттық сағат» режимі жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар