Қытай компаниясы ковид вакцинасын екті

Компанияның баспасөз хатшысы шамамен үш мың шақты қызметкер мен отбасы мүшелеріне ерікті түрде вакцина егілгенін айтты.

1487133
Қытай компаниясы ковид вакцинасын екті

Қытайдағы дәрі компаниясы Sinovac Biotech компания қызметкерлері мен оларың отбасыларына ковид вакцинасы егілгенін хабарлады.

Компанияның баспасөз хатшысы Пиченг Ли шамамен үш мың шақты қызметкер мен отбасы мүшелеріне ерікті түрде вакцина егілгенін айтты.

Sinovac Biotech компаниясы тарапынан жетілдірілген "CoronaVac"  атты вакцинаның үшінші саты клиникалық сынақтарының жалғасып жатқаны білдірілді.

Компанияның бас директоры Вилонг Ин вакцинаның жаһандық нарыққа енгізілуінің соңғы сынақтардың қорытындысына байланысты екенін айтты. Вакцинаның лицензия алу үрдісі жылдың аяғында аяқталады деп жоспарлануда. Ин «Вакцина алдымыздағы күз және қыс маусымында қайталанатын эпидемиялардың да алдын алады» деді.

«Қазір вакцина үшін баға анықталмады. Бағасы адамдар күткендей қымбат болмайды» деді компания басшысы.

 



Ұқсас жаңалықтар