Ливанға шақыру

БҰҰ уайымын жеткізді.

1409223
Ливанға шақыру

БҰҰ Ливанда соңғы күндері бағалардың қымбаттығы салдарынан ұйымдастырылған наразылық акцияларында артып отырған күш қолдануға байланысты уайымын жеткізді. 

БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссариатының баспасөз хатшысы Руперт Колвиль баспасөз мәслихатын өткізіп, бүкіл ливандықтарды ашуды басуға, қоғамдық және жеке меншік мүліктерге құрмет көрсетуге және күш қолданбауға шақырды. 

Ол Ливан қауіпсідік күштерінің де күш қолдануы тақырыбында халықаралық ереже мен стандарттарға бағынуын сұрады. Колвиль зардап шеккен азаматтардың туыстарының әділет іздеу және шындықты білу құқықтарының бар екенін айтып ескертті. 

Сейсенбі күні наразылық акциясына шыққан шерушілер мен Ливан полициясы арасында қақтығыс шығып, бір шеруші қайтыс болып,  ондаған адам жараланған еді. 

Оқиғадан кейін хабарлама жариялаған армия қайтыс болған кісіге байланысты тексеру жұмысы басталғанын,  өздерінен шамамен 160 адамның жарақат алғанын, олардың он бесінің жағдайының ауыр екенін білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар