Төрт елден Сирияға ортақ шақыру

АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германиядан Сирияға ортақ шақыру.

1378688
Төрт елден Сирияға ортақ шақыру

4 ел жасаған мәлімдемеде Сирияда халықтың 9 жыл бұрын демократиялық заңды сұраныстары үшін шеруге шыққаны, дегенмен Асад режимінің бұл талаптарға зорлық-зомбылық, еріксіз қамау және жәбірлеумен жауап қайтарғаны, бұл дағдарыста 500 мың адамның қаза тауып, 11 миллион адамның елді-мекендерінен кетуге мәжбүрленгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Асад режимі әуе шабуылдары, баррель бомбалары және химиялық қарулармен жазықсыз адамдарды нысанаға алмауға шақырылды.

Мәлімдемеде «Террормен күрес ешқандай халықаралық адам құқығын бұзуды және қақтығыстардың жалғасуын заңдастырмайды. Асад, Ресей және Иранның Идлибке бағытталған санасыз шабуылдары, медициналық және гуманитарлық инфрақұрылымдарды қиратуда және осында жұмыс істегендерге қоса жазықсыз адамдардың өліміне себеп болуда. Бұл тек қана қайғы-қасіретті арттырады және теңдесі жоқ бір гуманитарлық дағдарысқа себеп болады» делінді.

Асад режимінің Ресей және Иранның қолдауымен Идлибте бастаған шабуылдарда 1 миллионнан астам адамның баспанасыз қалғаны еске салынған мәлімдемеде соңғы рет Идлиб тақырыбында Түркия мен Ресей арасында 5 наурыз күні жасалған бітімнің жалғасуы және мұның ел көлемінде қамтамасыз етілу керектігіне назар аударылды.

Мәлімдемеде Сирияда гуманитарлық жәрдем жасауды жалғастыратындарына назар аударған елдер саяси шешім үшін сенімді бір кезең бастамай елдің қайта құрылыс жұмыстары үшін кезкелген бір жәрдем жасамайтындарын атап көрсетті.

Асад режимі себеп болған адамзаттық дағдарыс себепті жауапқа тарту тақырыбында талпыныс ортаға қойылатыны білдірілген мәлімдемеде адамзатқа қарсы қылмыс пен соғыс қылмыстарына араласқан тұлғалардың сотталуын қамтамасыз етілетіні атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар