Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Израиль шабуылда Ислами Жиһад пен Хамастың нысанаға алынғанын мәлімдеді.

981403
Израиль Газа секторына әуе шабуылы жасады

Куәгерлер берген мағлұматқа қарағанда Израиль соғыс ұшақтары Газа секторындағы Ислами Жиһад қозғалысына тиесілі нысаналарды бомбалады.

Шабуыл жайлы палестиналық мекемелер ресми мәлімдеме жасамаса да, Хамас Израильдің Газа секторына шабуылдағанын растады.

Израиль армиясының болса Газа секторына шабуылдағанын жариялап, Газадағы жарылыстардың шабуылмен байланысты екені атап көрсетілді.

Израиль әкімшілігі бүгін азанда Газадан Израильге пулемет шабуылы жасалғанын, шабуылға Хамас пен Ислами Жиһад қозғалысының жауапты екенін алға тартқан болатын.

«Израиль өзіне бағытталған шабуылдар үшін қарсылық береді» деп мәлімдеген Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторына шабуылдың белгісін берген болатын.



Ұқсас жаңалықтар