Орыс әскери ұшақтарының авиация көрмесіне қатысуына тыйым салынды

Орыс әскери ұшақтарының Ұлыбританияның «Farnborough» авиация көрмесіне қатысуына тыйым салды.

853296
Орыс әскери ұшақтарының авиация көрмесіне қатысуына тыйым салынды

Орыс әскери ұшақтарының Ұлыбританияның Hampshire аймағында келесі жылы жүзеге асатын «Farnborough» авиация көрмесіне шығуына тыйым салды.

Көрменің ұйымдастырушылары тыйым салу шешімінің Еуроодақ қабылдаған орыс қаруларын импорттау мен экспорттауға шек қою эмбаргосымен байланысты екенін жариялады.

Орыс федеральдық әскери және техника ынтымақтастығы сервисінің (FSVTS) директор орынбасары Анатолий Пунчук ағылшындар қабылдаған шешімнің өкінішті екенін тілге тиек етті.

Пунчук бұл жағдайда Ресейдің «болымсыз бір бәсекелестік үлгісімен» бетпе-бет қалғандарын да баса айтты.

Орыс парламентінің төменгі палатасы Думадағы Сыртқы қатынастар комитеті төраға орынбасары Алексей Чепа көрменің 2018 жылы орыс әскери көліктерін көрмеге шығарма шешімінің орыс экономикасына ықпал ету сынағы екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар