Бір ауыл бомбаланды

Асад әскерлері босаған үйлерді талан-таражға салуда.

639143
Бір ауыл бомбаланды

Сирияның шығысындағы Дейр әз Зур қаласына қарасты Әл Сувар өңірінде бір ауылды нысанаға алған шабуылда 23 адам қаза тапты.

Сур өңіріндегі жергілікті белсенділердің бірі Ахмет Хасан орыс армиясының жойғыш ұшағының бір ауылды бомбалағанын айтты.  Шабуылда 23 бейбіт азамат қаза тапты. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Куәгердің айтуынша ондаған адам жарақат алған.

Ауылда көптеген баспана құлап,  қираған. Хасан азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің құлаған үйлердің астынан азаматтарды шығаруға тырысқанын білдірді.

Осы арада Алеппоның батыс жақтары бомбалау астында.

Жергілікті белсенділердің бірі Ясир Али Ресей және әкімшілік армиясының ұшақтарының Алеппоның батысындағы Этариб ауданы мен Дарет Изаа және Даал өңірлерін бомбалағанын білдірді. Ол Алепподағы эвакуациядан кейін орыс ұшақтарының Алеппоның батыс жақтарын бомбалай бастағанын айтты.

Сонымен қатар Асад күштерінің Алеппоның шығысындағы босаған үйлерді талан-таражға сала бастағаны хабарланды. Қараша айында басталған талау оқиғалары соңғы эвакуациядан кейін жылдамдады.

Полковник Сухейл әл Хасанның жасақтары «бомба тазалаймыз» деген сылтаумен босаған үйлердегі қымбат бұйымдарды жымқыруда.

Аймақта Асад әкімшілігінің көптеген бақылау пункты бар екені,  бұйымдарын өздерімен бірге ала кеткісі келген халықтан көп ақша сұрағандары,  ақшасы жоқтардың заттарын тастап кеткені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар