Әлем баспасөзіне шолу

​​​​​​​Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1700022
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Quds Al-Arabi: Абу Даби әмірлігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян алғаш рет Президент Режеп Тайып Ердоғанмен  телефон арқылы сөйлесті.

Al-Dustour (Иордания): Ливандағы жағдайға байланысты қауіпсіздік рапорттарымен ескерту жасалды.

Al-Raya (Катар): Біріккен Ұлттар Ұйымының рапортына қарағанда Израиль әскерлері 2021 жылы 55 палестиналықты атып өлтірді.

Deutsche Welle:  Германия 2021 жылының алғашқы 6 айында 47.400 босқынды қабылдады.

Tagesschau.de: Германияның Инфляциясы соңғы 28 жылдың ең жоғарғы деңгейіне жетті.

Wiener Zeitung: Австрия премьер-министрі Себастьян Курц соңғы рет Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен Берлинде кездесті.

El País (Испания): Австрия мен Польша Ауғанстан босқындарының келуін шектеу үшін Еуропа Одағының қатал топтарына лидерлік етуде.

El Comercio (Перу): АҚШ 20 жылдық соғыстан кейін Ауғанстаннан шықты және мемлекетті Талибанға тапсырып берді.

La Jornada (Мексика): Мексикада денсаулық қауіптерге қарсы қорғау федералдық комиссиясы (Cofepris) Куба вакцинасы "Abdala" жайлы болымды көзқарас білдірді.

Lenta.ru Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі Василий  Небензя: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстан шешімі тақырыбында қалыс дауыс бердік.

TASS: Ресейдің Иркуртск аймағында заңсыз қарағай саудасы жасағаны үшін бір Қытай фирмасына шағым түсті.

İzvestiya: Украина президент ақылшысы Алексей Арестович Ресеймен сауда қарым-қатынастарын үзу Украинаға пайдасыз екенін айтты. «Ресей бесінші ең үлкен сауда ортағымыз».

Le Monde: АҚШ әкімшілігі Америка күштерінің Ауғанстаннан шегіну процесінің тамамдалғанын жариялады.

Le Figaro: Оңтүстік Африка ғалымдары тез тарайтын жаңа бір Ковид-19 штамын бақылап отыр.

Le Matin (Швейцария): Ковид-19 : АҚШ әкімшілігі азаматтарына «Швейцарияға саяхат жасамаңдар» деген үн қатты.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: 3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Шығыс экономикалық форумына қатысады.

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы кітапханасы мен БҰҰ кітапханасы ниет туралы хатқа қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар