Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1697499
Әлем баспасөзіне шолу

Le Monde: Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Францияда өрт сөндірушілердің жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) вакцинасына қарсы талапты жою туралы өтінішін қабылдамады. 

Le Figaro: Франциядағы президенттік сайлауға қатысты жүргізілген бір сауалнамаға қарағанда Марин Ле Пен мен Эммануэль Макрон алда. 

France 24: Футбол: Пари Сен-Жермен спорттық директоры Леонардо Арауджо Килиан Мбаппе үшін Реал клубына «жоқ» деді. Дегенмен егер өзі кеткісі келсе, «оған кедергі жасамайды». 

Aljazeera: Миллиондаған ауғандық ашаршылық алдында тұр... Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы сигнал берсе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдегі жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетімен күресуде. 

Eldustour: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: «Жаңа типтегі коронавирустың (ковид-19) тарау жылдамдығы тұрақтала бастады». 

Elraya: Катар Ауғанстандағы дипломатиялық талпыныстарын жылдамдатты. 

El Pais: (Испания) Испания премьер-министрі Педро Санчес пен Солтүстік Африкадағы жері Сеута автономды қаласының басшысы Хуан Хосе Вивас өткізген жиналыстың артынан Сеута қаласына келген марокколық балаларды кері қайтару үшін «мүмкіндігінше тезірек» шара қолдануға шешім қабылдады. 

El Mundo: (Испания) Испаниядағы жаңа оқу жылында «оқушылардың сабаққа барынша қатысуы» және орындықтар арасындағы қашықтықтың қысқартылуын қамтамасыз етеді. 

TeleSur: (Венесуэла) Кубадан жаңа медициналық топ жер сілкінісінен зардап шеккен аудандардағы медициналық қызметтерге көмек үшін Гаитиге келді. 

Der Spiegel: Германия парламенті Ауғанстан рұқсатын бекітті. 

FAZ: Неміс мұсылмандар демократияға одан да риза. 

Deutsche Welle: Германия канцлері Ангела Меркель Ауғанстандағы жетістіктерді сақтап қалу үшін Талибанмен келіссөзді жалғастыру керектігін атап көрсетті. 

ТАСС агенттігі: Ресейлік ғалымдардың айтуынша Камчатка түбегіндегі Шивелуч жанартауы белсенді. 

ТАСС агентті: Ресей Ұлттық аэронавтика және ғарыш агенттігінің (Роскосмос) президенті Дмитрий Рогозин 5 қазан күні өтуі жоспарланған «Союз MS-19» ұшыру рәсіміне Илон Маск, Ричард Брансон және Джефф Безосты шақыратынын айтты. 

RBK: Ауғанстанға эвакуациялау мақсатты жіберілген 4 орыс ұшағы Подмосковье әуежайына қонды. 

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы Ербол Қарашөкеевке бірқатар тапсырма берді. 



Ұқсас жаңалықтар