Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1691732
Әлем баспасөзіне шолу

El-Raya El-Katariye  (Катар): Талибан Кабулдағы президенттік сарайда.

El-Vatan (Оман): Ашраф Ғани Ауғанстанның құлдырауының символына айналды.

El-Zeman (Ирак):  Президент Режеп Тайып Ердоған: Ауғанстанда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Пәкістанмен ынтымақтастықта боламыз.

dpa.de: Талибанның Кабулға кіргені жарияланған соң Германия Ауғанстандағы елшілігін жапқанын білдірді.

ard.de: Неміс және әлем футболының аңызға айналған тұлғаларының бірі Герд Мюллер өмірден озды.

zdf.de: Германияның Ауғанстан елшілігі қызметкерлері мен басқа да неміс азаматтарын елден шығару үшін Германиядан алғаш ұшақ жолға аттанды.

Le Figaro: Марокконың солтүстігінде орман өртке оранды.

Le Monde: Франция үкіметі өз азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялау үшін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі әскери күштерін арттырды.

Le Parisien: Ковид-19: (Францияда) Вакцинация карточкасы кем дегенде 126 сауда орталығында міндетті болмақ.

El País (Испания): Ауғанстан қазір Талибанның қолында.

Infobae (Аргентина): Қытай сарапшыларға Ухань зертханасынан ковид-19 тарауын тексермеуі үшін қысым жасауда.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла жер сілкінісінен зардап шеккен Гаитиге 30 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

РИА Новости: Неміс AfD партиясының тең төрағасы Йорг Мойтен «Солтүстік ағын-2» жобасынан шығудың дамыған өнеркәсіптік мемлекет ретінде Германияны жоятынын білдірді.

Известия газеті: Украиналық саясаттанушы Юрий Романенко АҚШ-тың Ауғанстаннан қашуының Украинаға сабақ болуы керектігін атап көрсетті.

Лента хабар порталы: Роспотребнадзор (Ресейдің адам денсаулығы мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі) эпидемиялық аурулар орталығы басшысы Хадижат Омарова ковид-19 ауруынан аман қалғандардың үштен бір бөлігінің сауығуынан 3-4 ай өткеніне қарамастан күнделікті жұмысын орындау және өзін күткенде қиналғанын атап көрсетті.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді.

Егемен Қазақстан газеті: Президент Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша тапсырма берді.



Ұқсас жаңалықтар