Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1690660
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Quds Al-Arabi:АҚШ дипломаттарды Кабулдан қайтару және қорғау үшін аймаққа уақытша міндет атқаратын 3 мың әскер жолдайды.

Aljazeera: (Ауғанстан) Талибан Газненің бақылауын алғаннан кейін Кабулға жақындады. Үкімет операцияларды тоқтатуы шартымен оларға билікті бөлісуді ұсыныс етті.

Eldustour: Ресей: "Sputnik вакцинасы Delta штамамына қарсы 83 пайыз қорғайды» деді.

focus.de: Талибанның ілгерлеуіне орай Германия үкіметі немістерді Ауғанстаннан дереу қайтуға шақырды.

spiegel.de: Германия Сыртқы істер министрі Хейко Маас: «Талибан елді толық бақылауға алса, Ауғанстанға бір тиын да берілмейді» деді.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Ауғанстан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Талибанмен кездесу өткізуі мүмкін екенін жариялады.

El Mundo (Испания): Испания вакцинасы кешікпейді: «Вакцинадағы протеин жаңа штаммдарға қарсы жетілдіріледі».

La Jornada (Мексика): Президент Венесуэлы Николас Мадуро оппозициямен кездесу алдында «Құқай көрсетулерді қабылдамаймыз» деді.

El Comercio (Перу): Боливияның бұрынғы президенті Эво Моралес коронавирус індеті «биологиялық соғыстың бір бөлшегі» екенін алға тартты.

RİA Novosti: Воронежде бір жолаушы көлігінің аялдамада жарылуы салдарынан 1 кісі қаза тапты, 19 кісі жараланды.

TASS: Ресей Ішкі істер министрлігі Әзербайжанның Беларусьтағы бұрынғы өкілетті елшісі Испандияр Вахапзаденің Ресейге кіруін 50 жыл шектеді.
RT: Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу қытайлық әріптесі Уи Фынзымен кездесуінде екі елдің әскери ынтымақтастығын арттыру керектігін айтты.

Le Parisien: Францияда аптап ыстық 5 аймақта аттаныс дәрежесіне көтерілді.

Le Monde: “Бұл жолы бақылау қиын жағдайда» Алжирде халық рулар аймағында асқынған орман өртіне қарсы шарасыз қалды.

Le Figaro: Марокко мен Израиль өзара өкілетті елшілік ашады..

Егеменді Қазақстан газеті:

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілерді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі:

Алматы қаласында бір тәулікте 6 261 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.



Ұқсас жаңалықтар