Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1683891
Әлем баспасөзіне шолу

Tagesschau.de: Түркия, Италия және Грекия. Жерорта теңізінде орман өрттері жалғасуда.

Deutsche Welle: Германия елге кірістерде (коронавирус) «сынама талабы» енгізді.

nau.ch (Швейцария): АҚШ президенті Джо Байден Швейцарияны 1 тамыз ұлттық мерекесімен құттықтады.

El-Raya El-Katariye  (Катар): Халықаралық Катар іздеу-құтқару тобының жақсы жабдықталған бір тобы орман өрттерін сөндіру жұмыстарына қатысу үшін Түркияға аттанды.

El-Zeman (Ирак): АҚШ президенті Джо Байден: Ирактағы соғыс қызметіміз аяқталды және әскери ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды.

El-Vatan (Оман): Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: (Коронавирусқа қарсы) Бұрын жарияланған сақтық шаралары (маска, әлеуметтік қашықтық... және т.б.) «Дельта» нұсқасының таралуын тоқтата алады.

Le Monde: Ковид-19: Франция үкіметі экономикалық жәрдемдерін шетелдегі аймақтарына сәйкес реттейді.

Le Figaro: Тұрмыстық зорлық-зомбылық: Жеральд Дарманин бүгіннен бастап жаңа шаралар қолдануға уәде берді.

Le Soir (Бельгия): Марокко королі өз елі мен Алжир арасындағы шиеленіске өкінеді.

Telesur (Венесуэла): Венесуэлалық (әйел) спортшы Юлимар Рохас өзінің алғашқы Олимпиада алтын медалін алып, әлемдік рекордты жаңартты және үш қадамдық қарғып секіруде (15,67 метр) аты аңызға айналды.

El País (Испания): Pfizer мен Moderna Еуроодаққа сатқан ковид-19 вакциналарының бағасын көтерді.

EFE агенттігі (Испания): Кейбір аймақтарда аурудың саны әлі жоғары болғанымен, Испаниядағы ковид-19 эпидемиясының бесінші толқыны бәсеңдеді.

Интерфакс ақпарат агенттігі: Ресейдің ең ірі табиғи газ компаниясы ГазПром 31 шілде күнінен бастап Еуропадағы Австрия (Хайдач), Германия (Рехден) және Голландиядағы (Бергермеер) жерасты қоймаларына газ тиеу көлемін азайтты.

Коммерсант газеті: Мәскеу мэрі Сергей Собянин: Коронавирустық пандемия Мәскеуге 600 миллиард рубльден астам шығын әкелді.

Известия газеті: АҚШ Әскери-теңіз күштерінің Еуропа мен Африкадағы қолбасшысы адмирал Роберт Берк Қаратеңіздегі НАТО кемелерінің Ресей флотына қандай жағдайда шабуыл жасай алатынын түсіндірді.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне жеделхат жолдады.



Ұқсас жаңалықтар