Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1667329
Әлем баспасөзіне шолу

el-Düstur (Иордания газеті): Еуропа Одағына баспана сұрап өтініш бергендер саны 2020 жылы 32 пайыз азайды.

el-Quds el-Arabi: Пәкістанның БҰҰ-ндағы миссиясы Иерусалим Әл Арабиге берген сұхбатында Пәкістандық бір лауазым иесінің қараша айында Израильге жасырын сапар ұйымдастырғаны туралы хабарларды жалғанға шығарды.

el-Raye el-Qatariyye (Катар газеті): Израиль Иерусалимде қирату операцияларын жалғастыруда.

Deutsche Welle: Түркия туризмі едәуір жанданды.  Шілде айында неміс және ағылшын туристер келеді деп күтіп отыр.

zeit.de: Германияға көшіп барғандар саны 2019 жылға қарағанда 24 пайыз азайды.

welt.de: Ирландия 5 шілде күні көздеген «қалыпқа ену» жоспарын «Дельта» штаммына байланысты кейінге қалдырады.

Le Monde: Француз Сенаты терроризммен күресті және барлауды нығайтатын заң жобасын мақұлдады.

Le Figaro: 2023 жылдан бастап Франция қайтадан парасетамол өндіре бастайды.

Le Parisien: Франция президенті Эммануэль Макрон зерттеу және инновацияға бағытталған бірнеше миллиард евролық жоспар жариялады.

La Vanguardia (Испания): Испания премьер-министрі Педро Санчес пен Каталония лидері Пере Арагонес диолог тақырыбында келісті.  Қыркүйек айында Барселонада келіссөзді бастауды қабылдады.

Infobae (Aргентина): Moderna лабораториясының құрушысы: «Коронавирус Ухань лабораториясынан шықты».

Prensa Latina (Kуба): Куба Америка Құрама Штаттарымен көш келіссөздерінің қайта басталуын күтеді.

RBK: Гватемала әкімшілігі Sputnik V вакцинасы үшін төлеген авансын вакцина жеткізу кешіккендіктен Ресейден қайта беруді талап етті.

BFM.RU: Орыстың шабуылдаушы ұшақтары Қаратеңізде Қырым түбегіне жақын Керч бұғазына жақындаған Нидерланды байрақты «Эвертсен» кемесін аймақтан алыстатты.

TASS: «Союз» ракетасы "Progress MS-17" жүк кемесімен бірге Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылды.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Парламент депутаттары каникулға кетті.

Егемен Қазақстан газеті: Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барады.

 



Ұқсас жаңалықтар