Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1648691
Әлем баспасөзіне шолу

 

el-Düstur (Иордания): Израильдің мыңдаған азаматы Израиль премьер-министрі Нетаньяхуға наразылық білдірді.

el-Quds el-Arabi: Кеше Израиль күштері Ливан шекарасынан ішкі еніп, аймақта тексеру операциясын жүргізді,  артынан кері қайтты.

el-Raye el-Qatariyye (Kaтар): Израиль жаңа туған нәрестесіне Сейфул-Күдүс (Иерусалимнің қылышы) деп ат қойған бір тұрғынды тұтқынға алды.

As газеті (Испания): Баскетбол: Анадолы Эфес командасының екі жұлдызы Барселонаны Еуропа Лигасы чемпиондығынан мақұрым қылды.

La Tercera (Чили): БҰҰ Адам құқықтары жоғары комиссары Мишель Бачелет Колумбиядағы наразылықтар барысында тіркелген өлім-жітімнің тексерілуі үшін тәуелсіз комиссия құрылуын сұрады.

El Tiempo (Kолумбия): Колумбиялық велошабандоз Эган Бернал 2021 Италия турнирінде чемпион атанды.

Tagesschau.de: Германияда коронавирус жұққан адам саны рекорд деңгейде азайды.

Süddeutsche Zeitung: Германияда тегін және жылдам коронавирус тестін жасайтын орталықтарда заңсыздық болғаны анықталды.

Deutsche Welle: Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу екі күндік сапармен Грекияға барды.

Le Monde: Израильде премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың орны одақтастарының бірі кеткеннен кейін шайқалып тұр.

France 24: Біріккен Корольдікте премьер-министр Борис Джонсон жасырын рәсімде үйленді.

Le Figaro: Францияда коронавирус вакцинасы кәмелетке толған барша үшін қолжетімді.

Regnum агенттігі: Ресей Сыртқы істер министрлігі елдің халықаралық банк жүйесі SWİFT-тен шығарылуы ықтималына қарсы дайындық жүргізілгенін білдірді.

Kommersant газеті: Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макей 23 мамыр күні Минскке төтенше жағдайда қондырылған ұшақта Роман Протасевичпен бірге ұсталған Ресей азаматы София Сапеганың Беларусьте сотталатынын,  алайда мемлекет басшысының шешімімен Ресейге қайтарылуы мүмкін болатынын айтты.

RİA Novosti: Орталық Африка Республикасында болған жарылыста Ресейдің үш азаматы қаза тапты.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: ҚР Президенті: Біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының есімдерін мәңгі есте сақтаймыз.
Егемен Қазақстан газеті: Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директорымен кездесті.
 

 



Ұқсас жаңалықтар