Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1632921
Әлем баспасөзіне шолу

Spiegel.de: Бразилия Президенті  Жаир Болсонару мөлшермен 400 мың бразиялықтың  жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індеті салдарынан қайтыс болуының себептерін тексеру үшін бір комиссия құруда. 

Deutsche Welle: Еуропа Одағы мүше елдерге лас суды тексеру жайлы үндеу тастады: Еуропа Одағы мүше елдерге ковид-19 вирусты ерте анықтау үшін лас су базаларын тексеру туралы үндеу тастады. Еуропа Одағы бұны бір ерте ескерту жүйесі ретінде қарауда. 

El-Raya El-Katariye (Катар): Ұлыбритания 2022 жылы жұқпалы аурулармен байланысты өткізілетін саммитке үй иелігін жасайды. 

El-Mustakbal (Ливан): Магниттік құйындар тез қырқынмен ғаламға қарай бет алуда, жер шарына ықпал жасауы мүмкін. 

El-Vatan (Оман): Иран Америка Құрама Штаттарының елінің мұнай және банк басқару жүйесіне жасаған санкцияны күшінен қалдыруы мүмкіндігін алға тартуда. 

El Tiempo (Колумбия): Колумбия Президенті Иван Дукенің салық реформаларынан бас таруынан кейін түрлі секторлармен ақылдаса отырып, ынтымақтастық  жаңа бір жоба жасайды. 

El Mundo (Испания): 4 мамырдағы Мадрид жергілікті парламент сайлауы қарсаңында Халықшыл партиясының үміті: "Исабель Диас Аюусоны ойсырата жеңу". 

El Universal (Мексика): Мексикада бір кісіде ковид-19 вирусының Үндістан  түрі анықталды. 

Le Figaro: Ковид-19 індеті жайлы 10 шақырым қашықтыққа рұқсат берілді. Францияда тыйым салу процесі бойынша адамдардың үйлерінен 10 шақырым қашықтыққа дейін жүруіне рұқсат берілді. Сыртқа шығуға тыйым салынғаннан кейін ашылу уақыты болса 3 мамыр күні басталады. 

Le Monde: 1 мамыр күнгі құттықтау барысында Парижде Жұмысшы конфедерациясы кортежіне бағытталған шабуыл жайлы тергеу жұмысы басталды.

Le Parisien: SNCF (Француз пойыз қозғалысын басқару орталығы): "Жаз маусымында ең көп 39 евродан  5 миллион пойыз билеті ғана сатылатын болды ".

Russia Today: "The National Interest" газетінің хабарына қарағанда, Америка Құрама Штаттары Президенті Джо Байденнің Ресей туралы айтқан сөздері салдарынан Ресей мен Қытай ынтымақтастық жасауы мүмкін. Бұл АҚШ-ты қиын жағдайға апарып соғады. 

Regnum агенттігі: Украинаның шығысында тек тарапты түрде тәуелсіздігін жариялаған Донецк Халық Республикасының премьер-министрі Денис Пушилин Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге дайын екенін айтты.  

Lenta.ru: Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы әскерлерін шегерді.  29 сәуірде басталған қақтығыста Қырғызстан тарапынан 34  адам шейіт болды.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі:Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

Егемен Қазақстан газеті:Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті.

 



Ұқсас жаңалықтар