Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1622447
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Стамбулда 24 сәуірде Ауғанстан бейбітшілік келіссөздері өтеді.

VATAN (Оман): Неміс мамандар: «Мутацияға ұшыраған вирус (ковид-19) вакцинаның тиімділігіне кері әсер етуі мүмкін».

El-Mustakbal (Ливан): Ақ Үй: «Әл-каида ұйымын әскери қатысусыз бақылай аламыз».

Deutsche Welle: Үйден жұмыс істегендер арқаларының ауырғанына шағымданады. Германияда жүргізілген зерттеуге қарағанда үйінен жұмыс істейтін адамдардың үштен бірінен астамының денсаулығына байланысты проблемалар бар.

Süddeutsche Zeitung: Германиядағы реанимация бөлімдерінің жағдайы өте ауыр. Әлі бос төсектер болса да, мұнда келген науқастың сауығып кететіні анық емес.

Bild.de: Германия канцлері Ангела Меркель бүгін AstraZeneca вакцинасы ектіреді.

El País (Испания): Испан ғалымдары Қытайда маймыл мен адам жасушаларынан 132 эмбрион жасады.

El Mundo (Испания): Pfizer компаниясы атқару кеңесі төрағасы: «Күзде қайтадан қалыпты өмірге көше аламыз».

El Mercurio (Чили): Чили тұрғындары пандемия кезінде психикалық денсаулығы ең көп нашарлаған екінші ұлт.

Le Figaro: Франция үкіметінің өкілі Габриэль Атталь мәдени орталар мен террасалардың мамыр айының ортасында қайта ашылатынын хабарлады.

France 24 (Франция): Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен шиеленіс жалғасып жатқан кезде Елисей сарайында қабылданды.

РИА Новости: АҚШ президенті Джо Байден Ресеймен өзара қарым-қатынастардың болашағы туралы өз сөзінде Ресей мен АҚШ-тың «екі үлкен күш» екені және елінің «тұрақты және болжамды» ынтымақтастықты жақтағанын атап көрсетті.

Коммерсант газеті: Ресей федеральдық туризм агенттігі (Ростуризм): «Қазіргі уақытта Түркия мен Танзанияда жүз мыңнан астам ресейлік турист бар».

РИА Новости: Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың жаңа санкцияларын екіжақты ынтымақтастықты жою бастамасы ретінде бағалады.

ТАСС ақпарат агенттігі: Польша үш орыс дипломатын «қалаусыз адам» деп жариялады.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа төрағасы тағайындалды.

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар