Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1620154
Әлем баспасөзіне шолу

 

Aljazeera: Түркия Ливия премьер-министрі Абдулхамит Дибейбемен меморандумға қол қойды.  Президент Ердоған Ұлттық бірлік үкіметінің өкілеттігі мен егемендігінің ел көлеміне таралуын сұрады.

Elqudus Elarabi: Химиялық қарулардың алдын алу ұйымы: Сирия әкімшілігінің бір тікұшағы 2018 жылы Саракибке хлор газымен шабылдады.

Elraya: Катар Қызыл жарты ай қоғамы 20 елде босқындар,  ел ішінде көшіп кеткен азаматтар және мигранттарға коронавирус вакцинасын қамдау үшін халықаралық акция бастады.

Le Figaro: Ковид-19: Эпидемияның көлеңкесінде өтетін екінші Рамазан басталды. Еуропада вирус бір миллион адамның өліміне себеп болды.

France 24: Францияда 55 жастан үлкен кісілер дүйсенбі күнінен бастап вакцина ала бастайды.

Deutsche Welle: Германия канцлері Ангела Меркель Рамазан айы басталғанына орай мұсылмандарға құттықтау жариялады.  Меркель «Қасиетті Рамазан айында сіздер және отбасыларыңыз тыныш және берекетті уақыт өткізуіңізді тілеймін» деді.

NTV: Еуропа комиссиясы төрайымы Урсула фон дер Ляйен Еуропа кеңесі төрағасы Шарль Мишельмен болған «орын дағдарысына» енді еш жол бермейтінін айтты.

Frankfurter Rundschau газеті: Германиядағы биліктегі Христиан бірлік партиялары 26 қыркүйек күніндегі жалпы сайлауда ортақ канцлер кандидатының кім болатынын анықтауға тырысып жатыр.

El Pais (Испания): Испанияда коронавирус эпидемиясында төртінші толқын. Ұлыбритания мутациясы кең тарады. Эпидемияға қарсы үлкен шектемелер келуі мүмкін.

El Mundo (Испания): Уайым туғызған AstraZeneca вакцинасы Испанияда тек еріктілерге салынады.

El Nacional (Венесуэла): Бір зерттеу венесуэлалықтардың Мексикаға көшіп кетуді ең көп қалайтын латын америкалықтар екенін көрсетті.

RİA Novosti: Кремль баспасөз хатшысы Песков Түркиямен әуе қатынасының шектелуінің Украина президенті Зеленскийдің Стамбул сапарына қатысы жоқтығын айтты.

Lenta.ru: Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресейдің батыс бақылап отырған халықаралық төлем жүйелерінен бас тарту тақырыбында жұмыстанғанын білдірді.

TASS: Украина билігі елде Америка Құрама Штаттарының Патриот зымыран қорғаныс кешенінің орналастырылуы керектігін алға тартып отыр.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Егемен Қазақстан газеті: Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге атсалысады – Мемлекет басшысы.

 



Ұқсас жаңалықтар