Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары
Al-Raya (Катар): Ливия Президенттік Кеңесінің төрағасы Мұхаммед әл-Менфи: 'Түркиямен ортақ мүдделерді қорғаймыз'.
Al-Dustour (Иордания): Рапорттарға қарағанда, Израиль Иранның Натанз ядролық реакторын кибер шабуылмен нысанаға алған.
Al-Quds Al-Arabi: Иорданияның батысында бір туннельдің құлауы салдарынан бір адам қайтыс болып, 6 адам жарақат алды.
Al-Quds Al-Arabi: Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бұрынғы Әділет министрі және Ирактың төңкерілген басшысы Саддам Хусейннің адвокаты Рэмси Кларк қайтыс болды.
Le Parisien: 2022 жылы президенттік сайлауы: Солшылдар (өзара) келіссөз жүргізуге дайын, дегенмен (бір кандидат төңірегінде) бірігу ықтималына әлі алыстау.
Le Monde: Париж мешіті Рамазан айының Францияда сейсенбі күні басталатынын растады.
Le Figaro: Гаитиде екеуі француз, барлығы жеті католик діни қызметкерді (2 монах пен 5 діни қызметкер) алып қашты.
El Pais (Испания): Испанияда премьер-министр Педро Санчес пен премьер-министрдің орынбасары Йоланда Диас коалицияны жалғастыру үшін қажетті қадамдардың басылатынын мәлімдеді.
El Mundo (Испания): Экономикалық дағдарыс жастарды жұмыспен қамтуға да кері әсер етті. Қазіргі кезде жас жұмысшылар өздерінің 1980 жылғы құрдастарымен салыстырғанда 50 пайызға дейін төмен жалақы алады.
TeleSur (Венесуэла): Эквадорда президенттік сайлаудың екінші турының жеңімпазы 52,52 пайыз дауыс жинаған оңшыл Гильермо Лассо болды.
Deutsche Welle: Роберт Кох институты жариялаған мәліметтер бойынша жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) вакцинасының алғашқы дозасы Германиядағы халықтың 15 пайызына егілді. Екінші доза егілгендердің мөлшері - 5,9 пайыз.
WAZ: Германиядағы инфекция туралы заңға өзгеріс енгізілуі жоспарлануда. Осылайша эпидемиямен күресте үкіметтің өкілеттіктерін арттыру және елдің барлық штаттарында бірыңғай ережелерін қолдану қарастырылады.
Tagesschau.de: Германия премьер-министрлік үміткерін іздеуде. Христиан одағы партияларының төрағалары Армин Лашет (ХДС) және Маркус Седер (ХСС) «біз үміткерміз» деді.
РИА Новости: Украина Донбасста кез-келген бір шабуыл жоспарламайды. Киев бейбітшіліктің келіссөз арқылы ғана мүмкін болатынына сенімді.
Коммерсант газеті: Ресей Федералды ғарыш агенттігінің президенті (Роскосмос) Дмитрий Рогозин: «Ресей ғарыш өнеркәсібі аса маңызды өзгерістердің тоғысында тұр».
lenta.ru: Түрік лауазымдылар елде туризм маусымы басталатын мамыр айының ортасына дейін «ковид-19» эпидемиясын бақылауға алуды жоспарлап отыр.
ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Премьер-Министр: Ай сайын 2 млн адам вакциналансын.
Егемен Қазақстан газеті: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: Сәуірде Қазақстандағы коронавирус жағдайы наурызбен салыстырғанда 3 есе нашарлады.