Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1611218
Әлем баспасөзіне шолу

Deutsche Welle: Түркия мен Еуропа Одағы арасында қатынастар жақсару белгісін бергеннен кейін ЕО Кеңесі төрағасы Мишель мен комиссия төрайымы Фон дер Ляйен келесі аптада президент Ердоғанмен бас қосады.

Nachrichten.at: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда қазіргі вакцина дозаларының үштен екеуі он елдің қолында.

Tagesschau.de: Германияда бөлшек сауда жасайтындар экономиканы жандандыру мақсатында баршаға үкіметтің 500 евро сыйлық беруін сұрады.

el-Düstur (Иордания газеті): Мысыр президенті Абдулфеттах әс-Сиси қайраңға отырып қалған кеменің жүздірілгенін, Суэц каналындағы дағдарыстың аяқталғанын хабарлады.

el-Quds el-Arabi:  Израиль полициясы Хайфа қаласында пышақпен шабуылдады деген себеппен бір Палестина азаматын шейіт етті.

el-Raye el-Qatariyye (Kaтар газеті): Катар әмірі Шейх Темим бин Хамед әл Сани Сауд Арабиясы таққа мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманмен екі ел арасындағы бауырластық қатынастарын нығайтудың жолдарын қарастырды.

Le Monde: Францияда депутаттар мен сенаторлар «Жалпы Қауіпсіздік заңын» қабылдау үшін келісті.

Le Figaro: Мьянма: Париж әкімшіліктің «көр және өлтіретін күш қолдануын» сынға алды.

Le Parisien: Француз соты Calais муниципалитетінің алаңды босатылуына байланысты сұранысын кері қайтарды.

El Pais (Испания): Испанияда Әлеуметтік сақтандыру мекемесі 2020 жылы тарихындағы ең үлкен шот тапшылығына ұшырады.

El Mundo (Испания): Жасалған бір зерттеу Испанияда медицина қызметкерлеріне вакцина егілгеннен кейін вирус жұқтыру және өлім санының күрт азайғанын көрсетті.

El Nacional (Венесуэла): Куба жаңа жетілдірілген коронавирус вакцинасын 124 мың медицина қызметкерінде сынап көреді.

russian.rt.com: Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: Ресей президенті Владимир Путин Америка Құрама Штаттарының Ресеймен күш тақырыбында сөйлеуіне рұқсат бермейді.

TASS: Австралия орыстың төрт компаниясы және бір орыс азаматына қарсы Қырымдағы істеріне байланысты жаңа санкция жариялады.

Gazetem.ru: Ресей Sputnik V вакцинасын өндіру үшін Қытаймен келісім жасады.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Асқар Мамин өңір әкімдеріне көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.
Егемен Қазақстан газеті: Президентке Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба жайында баяндалды.

 



Ұқсас жаңалықтар