Әлем баспасөзіне шолу
Әлем баспасөзінің басты тақырыптары
Frankfurter Rundschau: Анкара Америка Құрама Штаттарының өкілетті елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырды.
Deutsche Welle: Берлиндегі қонақүйлер үйі жоқ адамдарға есігін ашты.
ard.de: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мамандары Қытайдан коронавируске байланысты одан да көп мәлімет талап етеді.
ABC газеті (Испания): Каталонияда сайлау: Бір ғана жеңімпаз бар: жікшілдер. Каталония Республикашыл солы және Каталония үшін Бірлік қайтадан үкімет құруы мүмкін.
Clarín (Aргентина): Аргентинаның бұрынғы президенті Карлос Менемнің жаназасы Сан Хусто мұсылман қабірстанына жерленді.
El Universal (Mексика): Мексикадағы Ұжымдық төңкерісшіл партиясының бұрынғы депутаты Гладис Мерлин мен қызы қастандыққа ұшырады.
Eldustour: Дүниежүзілік Денсаулық ұйымынан хабар: Коронавирустың он үш түрі анықталды.
Elraya: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы даму жолындағы елдерде AstraZeneca вакцинасының қолданылуын мақұлдады.
Elqudus: Катар Сыртқы істер министрі ядролық тақырыбынан туындаған келіспеушіліктер кезінде Иранға барды.
Le Parisien (Франция): Сovid-19: АҚШ вице-президенті Камала Харрис пен Франция президенті Эммануэль Макрон пандемияға қарсы «жақын ынтымақтастықты» қолдайды.
Le Figaro (Франция): Сovid-19: француз медқызметкерлер көмек ретінде Португалияға жіберілді.
Le Monde (Франция): Сovid-19: Наурыз және сәуір айларында Париж және Марсельде концерт «сынақтары» өткізіледі.
Russia Today: Думаның Бюджет және салық комитеті криптовалютамен жүргізілген істердің салықтандырылуын көздейтін заң жобасын бекітті.
TASS: Америка Құрама Штаттары мен Ресей Таяу Шығыс проблемасының шешілуінде бірге жұмыстануы мүмкін. Тақырып екі елдің Сыртқы істер министрлігі лауазымдыларының телефон әңгімесінде талқыланды.
Lenta.ru: Ресей президенті Владимир Путин үкіметке орыс вакциналарының мутацияға ұшыраған вирустарға әсері жөнінде анализ жасауға нұсқау берді.
ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Үкімет басшысы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жоғары өңірлерді атады.
Егемен Қазақстан газеті: Президент: Бюджеттің әрбір теңгесі өз мақсатына жұмсалуы тиіс.