Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1571273
Әлем баспасөзіне шолу

N-TV: Германия мутацияға ұшыраған жаңа типтегі коронавирусқа қарсы (ковид-19) сигнал берді.

FAZ: Италия премьер-министрі Джузеппе Конте отставкаға кетуге өтініш бергісі келеді.

France 24 (Франция): Жерорта теңізінің шығысы: Түркия Грекиямен проблемаларын шешуді қалайды.

Le Figaro (Франция): Франция президенті Эммануэль Макрон шетелдік компания қожайындарына елдегі реформаларды жалғастыруға уәде берді.

France 24 (Франция): Грекия Франциядан 2,5 миллиард евро құнында 18 дана Rafale әскери ұшағы тапсырыс берді.

Al-Raya (Катар): Біріккен Ұлттар Ұйымы Балаларға жәрдем қоры (UNICEF): «Сириялық балалардың жартысы оқудан мақұрым».

Al-Raya (Катар): Бағдат әуежайы маңына 3 зымыран құлады. Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы операция басталды.

Al-Quds Al-Arabi: Израиль барлау министрі Эли Кохэн басшылығындағы Израиль делегациясы ресми сапармен Суданға барды.

Al-Dustour (Иордания): Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден «Жазғы маусымда ковид-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізуге жақындаймыз».

El Pais (Испания): Испания Денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илла Каталонияда өтетін сайлауға дайындалатыны себепті бүгін отставкаға кетуге кенеттен шешім қабылдады. Илланың бұл шешімі әрі жақтастарының, әрі оппозицияның наразылығын тудырды.

El Mundo (Испания):Испанияның Вильена түрмесінде жағдай өте қиын: Тұтқындардың 60% -ы Ковид-19 эпидемиясы себепті карантинге алынды.

TeleSUR (Венесуэла): Эквадор Бас прокуратурасы өзінің ресми Твиттер аккаунтында Ұлттық әділет алқасының Қылмыстық сотының бұрынғы вице-президент Хорхе Гласты сегіз жылға соттағанын жариялады.

РИА Новости ақпараттық агенттігі: «Новичок» атты улы химиялық қаруды жетілдіргендердің бірі Леонид Ринк ковид-19-ға қарсы тиімді бір дәрі шығаруды жоспарлауда.

Ведомости газеті: Ресей президенті Владимир Путин коронавирус шектеулерінің біртіндеп жойылуы мүмкін екенін мәлімдеді.

lenta.ru: Әзербайжан Вице-президенті Хикмет Гаджиев Таулы Қарабахта қызмет атқарған орыс бейбітшілік күшінің кәсіби деңгейде жұмыс істеп жатқанын атап көрсетті.

ҚазИнформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын.

Егемен Қазақстан газеті: Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді.



Ұқсас жаңалықтар