Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1562728
Әлем баспасөзіне шолу

 

Deutsche Welle: Германияда мұсылмандарға қарсы нәсілшілдік мәжілісте.

Frankfurter Rundschau: Коронавирустың Оңтүстік Африка мутациясы Германияға жетті. Канцлер Ангела Меркельдің күн тәртібінде шектеулердің созылуы бар.

Süddeutsche Zeitung: Германияда коронавирус эпидемиясына байланысты көзделген қаржылай көмектердің тоқтатылуына сын келіп жатыр.

el-Quds el-Arabi: Өндірісте кеш қалған Еуропа ұшқышсыз түрік әскери ұшағын ала ма?

el-Quds el-Arabi: Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп елін «бейбітшілік пен тыныштыққа» шақырды.

el-Raye el-Qatariyye (Kaтар): Ертең (бейсенбі) Тунис үлкен халық көтерілісінен кейін Зейнел Абидин бин Алидің жүйесінің қиратылуының он жылдығын тойлайды.

Le Figaro (Франция): WhatsApp қолданушыларына дерек құпиялылығы тақырыбында сенім беруге тырысуда.

Le Soir (Бельгия): Модерна вакцинасы Бельгияда алдымыздағы аптадан бастап егіледі.

Le Parisien (Франция): Twitter және Facebook-тан кейін YouTube та Трамптың каналын жапты және бір видеосын алып тастады.

La Vanguardia (Испания): Модерна вакцинасының алғашқы дозалары Испанияға келіп жетті.

El Mundo (Испания): Үшінші эпидемия толқыны медицина жүйесінің уайымдарын арттырады, коронавирус салдарынан ауруханаға келгендер саны азаймай отыр.

Prensa Latina (Куба): Венесуэла мұнай компаниясы 2021 жылы шикі мұнай өндірісін күніне 1,5 миллион баррельге көтеруді мақсат етіп отыр.

RIA Novosti: АҚШ Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Ағын-2 табиғи газ құбыр желісінің құрылысында Ресейге көмектескен еуропалық фирмаларға санкция рискі жөнінде ескерту жасады.

TASS: Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Telegram желісінде есеп ашты. Оқырманы қазірден 100 мыңнан асты.

İzvestiya газеті: Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров Ресеймен стратегиялық ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: ҚР Парламент Мәжілісінің толық құрамы жасақталды.

Егемендік Қазақстан газеті: Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрін қабылдады.

 



Ұқсас жаңалықтар